Астанада «Қыз Жібек» драмасының тұсауы кесіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада «Қыз Жібек» драмасының тұсауы кесіледі

Астанада «Қыз Жібек» драмасының тұсауы кесіледі

Бүгін Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Қыз Жібек» драмасының тұсауы кесіледі.

  • 29 Мамыр 2013
  • 548
Фото - Caravan.kz

«Қыз Жібек» лиро-эпостық дастаны халқымыздың көне мұраларының бірі және махаббат жырының ең көркемі. Қойылымда қазақтың өзара руға, жүзге бөлінуінің, бай-шонжарлардың арасындағы жер дауы, жесір дауы, жетім дауы тәріздес шиеленістер шабуылға ұласып, өз-өзімізді обадай ішімізден шіріткен мүшкіл күйіміз көрсетіледі. Бірін-бірі шын сүйген Төлеген мен Жібек, бірақ әке батасынан аттап кеткен Төлегеннің өлімі мен Жібектің қайғылы тағдыры талай жанарларға жас үйірілтпей қоймайды. Жібек бейнесі — сұлулық пен әсемдіктің символы, қазақ халқының мақтанышы, рухани ескерткіші.

Ғ.Мүсірепов пен Е.Брусиловский шығармашылығындағы «Қыз Жібек» музыкалық драмасының қоюшы режиссері — ҚР Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Сайлау Қамиев.

Театрдың баспасөз қызметінен мәлім еткендей, премьера 29, 30 маусым күндері өтеді.

Перейти к новостям спорта