Астанада «Жұлдызай» фестивалінің жеңімпаздары анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада «Жұлдызай» фестивалінің жеңімпаздары анықталды

Астанада «Жұлдызай» фестивалінің жеңімпаздары анықталды

Бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында VIII Республикалық «Жұлдызай - 2013» атты мүмкіндігі шектеулі балалардың шығармашылық фестивалінің гала- концерті өтті. Салтанатты шара барысында биылғы фестивальдің жеңімпаздары марапатталды.

  • 3 Маусым 2013
  • 486
Фото - Caravan.kz

Әділ қазылар алқасының шешіміне сәйкес, «Шахмат» аталымында Ерлан Нұрхаев (Орал) үздік атанса, «Көркем суретте» — Арман Дүйсенбин (Талдықорған, ересектер тобы), Юлия Соколова (Петропавл, орта топ) және Ксения Соловьева (Павлодар, кіші топ), «Көркемсөз шебері» — Екатерина Семенистая (ересектер тобы) және Арман Дүйсенғұлов (кіші топ), «Аспапта орындауда» — Владислав Рудаков (Алматы), «Вокалда» — Кенжебек Нұрдолда, Гүлнәз Елеусізова, Эльвира Исламғалиева және Әділ Оралбаев (Қарағанды қаласының ән тобы) және Влад Сойко (Астана, кіші топ), «Ыммен ән салу» аталымында — Нұржан Бағытов (Атырау), «Би өнерінде» «Пульс» (Петропавл) және «Рауан» (Қостанай) топтары жеңімпаз атанды. Ал VIII Республикалық «Жұлдызай — 2013» фестивалінің бас жүлдесін Оңтүстік Қазақстан облысының кішкентай әншілері — Назима Исаханова және Рысдәулет Орынбек иеленді.

Айта кетейік, биылғы фестиваль аясында Астананың жаңа орталығында ыммен ән айту бойынша үлкен флеш-моб ұйымдастырылды. Оған 700-ден бала қатысты. Ондай шара Қазақстанда ғана емес, әлем бойынша алғаш рет өтіп отыр.

Перейти к новостям спорта