«Биыл Bildrausch-де бірдей екі фильм жеңімпаз болды. Бұл қазақстандық «Үндестік сабақтары» және голландиялық –немістік «Жан-жақта тыныштық» деп аталатын режиссер Нанук Леопольдтің фильмі», делінген сейсенбіде киностудияның сайтында берілген хабарламада.
Жеңімпаздарға 3 мың швейцарлық франк көлемінде ақшалай сыйақы және Bildrausch фестивалінің рәміздері- киношеберлік сақиналар табыс етілді, делінген онда.
Bildrausch фестивалінің конкурсына тұтас алғанда 12 фильм қатысқан.