«Шәкәрім» деп аталатын жаңа кітап жарық көрді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Шәкәрім» деп аталатын жаңа кітап жарық көрді

«Шәкәрім» деп аталатын жаңа кітап жарық көрді

Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасында 5 маусымда Алаш қайраткері, ғалым, қоғам қайраткері Сырым Бөкейхановтың «Шәкәрім» атты кітабының тұсаукесері өтеді.

  • 5 Маусым 2013
  • 558
Фото - Caravan.kz

Ол 1938 жылы 1 маусымда Алматы қаласында өмірге келген С.Бөкейхановтың 75 жылдығына орайластырылып отыр. Онда кітапхана қорынан автордың өмірі мен қызметіне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылады. Сырым Бөкейхановтың әр жылдары жарияланған «Между прошлым и будущим», «Адмиралтейства виден шпиль», «Улицы нашего детства», «Нельзя о прошлым забывать», «Оглядываясь на Фудзи», «Избранные стихи и рисунки»», «Өткен күнде белгі бар», «Лабиринты души», «Лиловый квадрат», «Мой город другим не заменить», «Опус о любви или размышления дилетанта», «Город мой Алматы», «Имена наших улиц от А до Я», «Алихан», «Дорогие мои алматинцы» сияқты т.б. да кітаптары мен қолданбалы механика саласындағы ғылыми мақалалары және ол туралы материалдар қойылған.

Әлихан Бөкейхановтың немере інісі болған С. Бөкейханов Шәкәрім Құдайбердиевтің ұлы Ахатпен жақсы таныс болған. Ленинград құрылыс-инженерлік институтын бітіріп, 1970 жылы Мәскеу инженерлік институтында кандидаттық диссертация қорғаған Сырым Бөкейханов КСРО Ғылым академиясының лазерлік жүйелер механикасы зертханасының жетекшісі, кейін Алматы лазерлік технологиялар жөніндегі инженерлік орталық жетекшісі қызметін атқарды. Алматы және Мәскеу қалаларының ғылыми мекемелерінде, жоғары оқу орындарында қызмет атқарған. Алаш қайраткері бұл кітабын ақын, аудармашы, ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлының өміріне арнаған. Онда Шәкәрімнің ұлы Ахаттың баяндауымен ақынның жақындары мен туыстарының тағдыры жайлы айтылады.

Перейти к новостям спорта