деп хабарлайды шараны ұйымдастыру комитеті.
«Жыл сайын демеушілердің қаржысына өткізілетін шетелдік жұлдыздардың концерті биыл болмайды. Бұған инвесторлардың жоқтығы түрткі болып отыр. Таркан, Патрисия Каас, Il Divo квартеті, Лондон симфониялық окестрі мен ресейлік әншілер келмейді», — делінген хабарламада.
Дегенмен, ұйымдастырушылар мерекелік бағдарламаның онсыз да қызықты болатынын айтып сендіруде. Жалпы, қала аумағында 50 шақты мерекелік шара, ауандар деңгейінде 20 шақты іс-шара ұйымдастырылмақ. Оған барлығы 1 млн астам адам қатысады деп күтілуде.