Астанада кітап және поэзия фестивалі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада кітап және поэзия фестивалі өтеді

Астанада кітап және поэзия фестивалі өтеді

Астана қаласының 15 жылдық мерейтойына орай өткізілетін дәстүрге айналған бірегей шара - «Астана- бағы биік асқарымсың» атты кітап және поэзия фестивалі.

  • 5 Маусым 2013
  • 457
Фото - Caravan.kz

«Кітап және поэзия фестивалі оқырмандардың біліктілігін арттырып, балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуға деген шынайы ынта-жігерін қалыптастыруды көздейді»,- дейді ұйымдастырушылар.

Іс-шара мақсаты — Астана тұрғындарының кітап оқуға қызығушылығын ояту және қазақстандық жазушылардың үздік шығармаларын насихаттау.

Фестиваль бағдарламасына сәйкес әртүрлі қызықты зияткерлік, әдеби және ақындар байқауы өтеді деп күтілуде. Сонымен қатар, арнайы ұйымдастырылатын кітап жәрмеңкесінен қала түрғындары мен қонақтары өздері ұнатқан кітаптарын иелене алады.

astana.kz сайтының жазуынша, фестивальге Астана қаласының жас ақындары, отанымызды жырға қосқан «Шабыт» Халықаралық жастар шығармашылығы фестивалінің жеңімпаздары мен лауреаттары, мектеп оқушылары мен ЖОО, колледж студенттері қатысады.

Бейбітшілік пен ынтымақтастықтың белгісі ретінде фестиваль соңында аспанға 15 көгершін мен түрлі- түсті шарлар ұшырылады деп жоспарлануда.

Астана қаласының 15 жылдық мерейтойына арналған кітап және поэзия фестивалі 6 шілдеде Абай ескерткіші жанындағы алаңда өтеді.

Перейти к новостям спорта