Астанада Ван Гогтың картиналары көрмесі ұйымдастырылады - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Ван Гогтың картиналары көрмесі ұйымдастырылады

Астанада Ван Гогтың картиналары көрмесі ұйымдастырылады

Астаналықтар ұлы суретші Винсент Ван Гогтың шығармашылығымен танысу мүмкіндігіне ие болмақ.

  • 7 Маусым 2013
  • 544
Фото - Caravan.kz

10 маусым күні Назарбаев Орталығында әлемге әйгілі голландық суретші-постимпрессионист картиналарының көшірмелері қойылған көрменің ашылуы өтеді, деп хабарланды Астана қаласының ресми сайтында.

Аталған іс-шараны Астанадағы Голландия күніне орай Назарбаев Орталығы мен Нидерландия Елшілігі ұйымдастырып отыр. Көрмеге 44 пейзаж және автопортрет көшірмелері қойылмақшы.

Винсент Ван Гог голланд кескіндемешісі, импрессионизмнен кейінгі кезеңнің ең көрнекті өкілдерінің бірі. 1869-76 жылдары Гаага, Брюссель, Лондон, Париж көркем сурет туындыларын сату фирмасында делдалдық жұмыстар атқарған. 30 жасынан бастап сурет салумен айналысып, негізінен, қарапайым жандардың өмірін бейнелеген түрлі көріністер мен сериялы картиналар жазды. Винсент Ван Гог тарихтағы танымал әрі ұлы суретшілердің бірі. Пабло Пикассоның таңғажайып туындыларымен қатар Ван Гогтың шығармашылығы да бағалы картиналар тізімінің алғашқы қатарында.

Бүгінгі күнге дейін атақты суретшінің 1700 жұмысы сақталғандығын атап өткен жөн. Олардың 900-ге жуығы сурет және 800-ден астамы кескіндеме. Сонымен қатар, Ван Гог 40-қа жуық автопортреттің авторы. Көрменің ашылуы 10 маусым күні сағат 18.30-да Назарбаев рталығында өтеді. Көрме бір күнге созылмақ.

Перейти к новостям спорта