«Астана опера» театры алаңында 3D бейнелері жанданады - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана опера» театры алаңында 3D бейнелері жанданады

«Астана опера» театры алаңында 3D бейнелері жанданады

Елорда тұрғындары мен қонақтары алғаш рет «Астана опера» театры алаңында 3D шоу мен театрландырылған көріністерді тамашалай алады.

  • 7 Маусым 2013
  • 438
Фото - Caravan.kz

«Астана көріністері, қала құрылысының басталуы, Елорданың басты назар аударар нысандары, пиротехникалық шоу — мұның бәрі қала жұртшылығының назарына Астана күнінің 15 жылдық мерейтойы қарсаңында ұсынылады. Ауада қалқып ұшар бейнелер, жанданған сурет пен жарық ойыны қала күніне орайластырылған басты шараның біріне айналмақ», — делінген Астана қаласының ресми сайтында.

Голографиялық проекция — бейнені экранда үлкейтіп көрсету саласындағы жаңашылдықтардың бірі. Кескін арнайы торға үлкейтіліп, белгілі бір жарықта жай көзге көрінбейтін бейнеге айналады және тек ауада қалқып ұшатын кескін ғана қалады.

Бұл технологияның көмегімен арнайы жасалған видео сюжеттерін экранда үлкейтіп көрсетіп, таңғажайып қиял мен сағым жасауға әбден болады.

Перейти к новостям спорта