танымал әнші америкалық әнші Николь Шерзингер қатысатын концертке билеттер сатыла бастады. Бұл жайында astana.kz сайтына Астана қаласының 15 жылдық мерейтойын ұйымдастырушы комитеттің медиатобы мәлім етті.
Жыл сайын қала күніне орай Қазақстан және шетел жұлдыздарының қатысуымен өтетін бірегей гала-концерті «Асқақтай бер, Астана!» елорданың өзіндік бренді ретінде қалыптасып үлгерді.
Биылғы концерт «Сарыарқа» велотрегінде өтеді. Концертке отандық эстраданың танымал өнерпаздарымен қатар әлемдік жарық жұлдыздар қатынасады деп күтілуде.
Мерекеде Луина, Әли Оқапов, Assyl этно-тобы, «Арнау» дуэті, Son Pascal, K-Rim, А-Студио, Дискотека Авария, Потап пен Настя сынды өнер жұлдыздары ең танымал туындыларын Астана қаласының 15 жылдық мерейтойына арнамақ.