Астанадағы Орыс драма театры О. Бөкейдің «Атау кересін» сахналамақ - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы Орыс драма театры О. Бөкейдің «Атау кересін» сахналамақ

Астанадағы Орыс драма театры О. Бөкейдің «Атау кересін» сахналамақ

21 және 22 маусым күндері Астанадағы М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында Оралхан Бөкейдің «Атау кере» повесінің желісі бойынша қойылған «Последнее причастие» драмасының тұсаукесері өтеді.

  • 20 Маусым 2013
  • 603
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы театрдың баспасөз бөлімінен мәлімдеді.

«Последнее причастие» драмасы Отан, ата-баба өнегесі мен болашақ ұрпақтың байланысы, адамдар арасындағы күрделі қарым-қатынас, «күштілер» мен «адасқандардың» мінез-құлық қайшылықтары, ең бастысы, күрес, махаббат пен үміт туралы», — делінген хабарламада.

«Атау-Кере» қойылымын сахналауға танымал қазақстандық режиссер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Нұрқанат Жақыпбай шақырылды. Қоюшы-суретші — ҚР мәдениет қайраткері Қанат Мақсұтов.


Айта кету керек, қойылым алғаш рет орыс тілінде сахналанып, көрсетіледі және Астананың 15 жылдығына арналады.

Перейти к новостям спорта