«Жәнібек батыр» кітабы жарық көрді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Жәнібек батыр» кітабы жарық көрді

«Жәнібек батыр» кітабы жарық көрді

Таяуда Қазақстан Жазушылар одағының, Еуразия жазушылар одағының мүшесі,

  • 21 Маусым 2013
  • 655
Фото - Caravan.kz

қаламгер Жәди Шәкенұлының «Жәнібек батыр» атты жаңа зерттеу кітабы Алматыдағы «Мерей» баспасынан жарық көрді.

Бұл туынды Жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ халқының азаттығы үшін жан аямай күресіп, ерен ерлік көрсеткен Ер Жәнібек Бердәулетұлының (1714-1792) ерлік іздері мен батырды ұлықтауға қатысты атқарылған іс-шаралар төңірегінде сөз қозғайды. Тарих қатпарына тереңдей үңілген жазушы еңбегі Ер Жәнібектің Абылай, Қабанбай, Бөгенбай бастаған ірі тұлғалармен қатар жүрген батырлық бет-бейнесін біршама ашып көрсеткен.

Әдебиеттік сілтеме, құжат, сурет сынды нақты айғақтар қамтылған соны деректердің ізденуші жастар мен ғалымдарға, жалпы оқырманға берері мол.

Жазушының бұған дейін «Ақбота»,
«
Балқаймақ», «Қытайдағы қазақтар», «Бір уыс сəуле», «Жалғыздың үні», «Қаралы көш», «Ақ балапан» деп аталатын шығармалары əр жылдары жарық көрген болатын. Аталған туынды тәуелсіздік жылдарында жоғы түгенделіп жатқан қазақ тарихын тағы бір кітаппен толықтырды.

«Жәнібек батыр» шығармасының бүгінгі ұрпақты отаншылдық, ерлік рухына тәрбиелеудегі маңызы зор.

Перейти к новостям спорта