Алматы облысында ауыл округтері әкімдерінің сайлауы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 465.74
  • 531.08
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында ауыл округтері әкімдерінің сайлауы басталды

Алматы облысында ауыл округтері әкімдерінің сайлауы басталды

Бүгін Алматы облысының 16 ауданының барлығында аудандық маңызға ие қала, ауыл округтері, ауыл және село әкімдерін сайлау басталды.

  • 7 Тамыз 2013
  • 2326
Фото - Caravan.kz


Алматы облысында әкімдердің орнына 771 үміткер тіркелген. Өңірде аудандық мәслихат депутаттарына 259 басшыны сайлау керек.

 Үміткерлердің тізімі негізінен аудан әкімдерінің ұсынысы бойынша оны жергілікті қоғаммен талқыға салғаннан кейін жасалды. Осы күнгі ауыл округтері, ауыл және аудандық маңызға ие қала әкімдерінің барлығы дерлік дауысқа түседі.

 «Аудан әкімдері өздеріне сеніп тапсырылған ауданды басқару құқықтары бар екенін «А» корпусына өту үшін тапсырған сынақтан кейін дәлелдеді. Ендігі кезек қала және ауыл округі әкімдерінде. Оларды бұрынғыдай тағайындамайды, сайлайды», — деді Жамбыл ауданы «Әйелдерді қолдау орталығы» үкіметтік емес ұйымының жетекшісі Галина Әлжанова. Әкімдерді халықтың атынан депуттар сайлайды. Меніңше, алда тұрған сайлау — бұл уақыттың талабы. Осындай қадам округ жетекшілігіне кездейсоқ немесе лайықсыз адамдарды жібермеуге септігін тигізеді».