Мемлекет басшысы Мысыр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 441.77
  • € 502.38
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы Мысыр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Мысыр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Мысыр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

  • 23 Шiлде
  • 6
Фото: Ақорда.кз

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорда сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әбдел Фаттах Ас-Сиси мен оның отандастарын Мысыр Араб Республикасының ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады.

Президент жеделхатта берік достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынас қос халықтың игілігі жолында ұдайы дами беретініне сенім білдірген.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдел Фаттах Ас-Сисидің жауапты қызметіне толайым табыс, ал Мысыр халқына құт-береке тіледі.