Астана мешіттерінде Ораза айт намазы ертең сағат 6.30-да оқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 465.74
  • 531.08
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана мешіттерінде Ораза айт намазы ертең сағат 6.30-да оқылады

Астана мешіттерінде Ораза айт намазы ертең сағат 6.30-да оқылады

Бүгін барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айының соңғы күні.

  • 7 Тамыз 2013
  • 719
Фото - Caravan.kz

Ертең таңертең Қазақстанның барлық мешіттерінде мерекелік Айт намазы оқылады. Астана мешіттерінде ораза айт намазы жергілікті уақыт бойынша сағат 6.30-да басталады. Бұл туралы astana.kz сайты жазды.

Осы күні үлкен мерекелік дастархан (Ид Аль Фитр) жайылады. Еңбектеген сәбиден еңкейген қарияға дейін барша мұсылман мешітке бет алып, ораза айт намазын оқып, қуанышқа бөленеді. Мерекелік намаздан кейін мұсылмандар «Ид Мүбәрәк!» -«Айт қабыл болсын!» деп бір-бірін құттықтайды.


«Мұсылмандардың екі негізгі мейрамының бірі — Ораза айт күндері үй-үйлерде мерекелік дастарқан жайылып, ағайын бірін-бірі аралап, айтпен құттықтайды. Бұл күні балаларға тәтті-дәмділер мен сыйлықтар таратылады», деп жазады astana.kz.