Қарағанды облысында колонияның бөлім бастығы ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 465.74
  • 531.08
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында колонияның бөлім бастығы ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды

Қарағанды облысының Абай аудандық соты сәрсенбі күні полиция офицері – АК 159/5 түзеу мекемесінің жедел бөлімі бастығын пара алды деп танып, 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.
           Судья Гүлнар Мырзалинованың айтуынша, полиция офицері Қылмыстық кодекстің 311-ші бабы бойынша айыпты деп танылды.
           Офицер түрмеде отырған азаматқа қолайлы жағдай жасап беру үшін оның туысынан 75 мың теңге алған. Сонымен қатар, сотталғандардың біріне ұялы телефон бергені үшін де ақы алған көрінеді.
           Сондай-ақ, сот оны мемлекеттік органдарда лауазымды қызмет атқару құқығынан айырды.

  • 7 Тамыз 2013
  • 381
Фото - Caravan.kz