Қаржы полициясы мемлекеттік сектордағы ұйымдасқан қылмыстық топтарға қарсы белсенді күресті бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 465.74
  • 531.08
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаржы полициясы мемлекеттік сектордағы ұйымдасқан қылмыстық топтарға қарсы белсенді күресті бастады

Бұрынғы әкімдер Бергей Рысқалиев пен Виктор Храпуновтың қызметі Қазақстанға орасан көп зиян келтірді, деп хабарлады Қазақстанның экономикалық және сыбайлас қылмысқа қарсы күрес мемлекеттік агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай.
           "Соңғы бір жарым жылда қаржы полициясы 25 ұйымдасқан қылмыстық топ пен бір қылмыстық қоғамдастықтың қызметін әшкерелеп, тойтарыс берді, оған 180-нен аса адам мүше болатын, олардың 20-дан астамы сотталды", деді ол Астанада сәрсенбіде баспасөз мәслихатында.
           "Мемлекетке әсіресе Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев құрған қылмыстық қоғамдастық пен Храпуновтар ұйымдастырған қылмыстық топ көп зиян келтірді, оның мүшелері және жетекшілері мемлекеттік органдарда лауазымды қызметтер атқарған болатын", деді ол.
           Оның айтуынша, соңғы жылдары ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері экономика және қаржы салаларына еніп, жалған фирмалар құрған, оларды қайтармайтын несие алу үшін, тауарлар контрабандасы және салық төлеуден жалтару үшін пайдаланған.
           "Осы жағдайда қаржы полициясы жұмысын экономика саласында және мемлекеттік қызметте криминалды бизнеспен айналысушы қылмыстық топтарды әшкерелеуге бейімдеп отыр", деді ол.

  • 7 Тамыз 2013
  • 405
Фото - Caravan.kz