Атырау облыстық спорт басқармасының бұрынғы басшысына іздеу жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 465.74
  • 531.08
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облыстық спорт басқармасының бұрынғы басшысына іздеу жарияланды

Атырау облыстық спорт басқармасының бұрынғы басшысына іздеу жарияланды

Атырау облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының бұрынғы бастығы Жанкеевке іздеу жарияланды.

  • 7 Тамыз 2013
  • 448
Фото - Caravan.kz


Оның бастамасымен құрылған қылмыстық топ 250 млн.-нан астам бюджет қаражатын ұрлаған. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті.

Аталған қылмыстық топтың құрамына «Атырау» облыстық волейбол командасының директоры Мұхамеджанов, команданың есепшісі Харькина және бас бапкер Запевалов кірген. 2008-2012 жылдар аралығында олар команданың оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 253 млн.теңгені жымқырған. Бүгінде команда директоры Мұхамеджанов және бас бапкер Запевалов қамауға алынса, қылмыстық топтың басшысы Жанкеевке іздеу жарияланды.