Жамбыл облысында Қырғызстанмен шекара бойында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік жолының «Мерке – Аспара» жаңа учаскесі пайдалануға бөлінді, деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне облыстық көлік жолы комитеті департаментінің басшысы Мұхтар Дүйсенбеков мәлімдеді.
«Бұл бірінші санатты төрт жолақты жолү Екі жолақ былтыр желтоқсанда жүру үшін бейресми түрде салынған. Бүгін барлық жұмыстары толық аяқталып, қозғалысқа шектеу толық алып тасталды», дейді ол.
М.Дүйсенбеков жолдың бұл бөлігі көрші елге кірместен Қазақстан аумағы арқылы өту үшін салынған. «Шекараны белгілегеннен кейін Қырғызстанмен Қазақстан шекарасынан екі рет өту шекарада жиі қиындықтар туғызатын. Бұдан былай бұл проблемалар жойылды», дейді ол.
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық транзиттік дәлізінің қазақстандық бөлігінің ұзындығы 2787 км құрайды, оның 2452 км қайта жөндеуді қажет етеді. Қазіргі кезде Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында жұмыс жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 34 учаскедегі 1621 км жерді қамтыған.
Батыс Еуропа – Батыс Қытай жолының құрылысы 2015 жылы толық аяқталады.