Әкім елге оқ атқан туыстарының кесірінен сайлауға қатысудан бас тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 465.74
  • 531.08
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әкім елге оқ атқан туыстарының кесірінен сайлауға қатысудан бас тартты

Әкім елге оқ атқан туыстарының кесірінен сайлауға қатысудан бас тартты

Қарағанды облысы Майоровка ауылының экс-әкімі Төлеген Оспанов осы сайлау науқанында өз кандидатурасын алып тастады. Сайлаудан бас тартқан шендінің мұндай қадамға баруына ұлы мен туыстарының ауылда жаппай төбелес ұйымдастыруы себеп болған.

  • 8 Тамыз 2013
  • 454
Фото - Caravan.kz


Айта өтейік, Майоровка ауылының экс-әкімі Төлеген Оспановтың ұлы мен жиендері жастары арасында жаппай төбелес ұйымдастырып, соңынан бірнеше адамға оқ атқан. Тіпті қақтығыс кезінде бұзақылар шенеунік «көкесінің» қызметтік көлігін мініп алып, білгенін істеген көрінеді. Бұл оқиға ауыл тұрмақ аудан басшыларын да аяғынан тік тұрғызған еді. Алайда, жарты ай уақыт өтсе де, Нұра ауданының полициясы күдіктілерді ұстамапты.