Ел-жұрттың көбі әкімдердің сайланып жатқанын мүлдем білмейді - kaz.caravan.kz
  • $ 465.74
  • 531.08
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ел-жұрттың көбі әкімдердің сайланып жатқанын мүлдем білмейді

Ел-жұрттың көбі әкімдердің сайланып жатқанын мүлдем білмейді

Ал басқа өңірлерде сайлауға қатысқан үміткерлердің көпшілігі халықпен мүлдем кездеспеген. Сондықтан қарашаның көпшілігі бүгін саяси науқанның жүріп жатқанынан бейхабар.

  • 8 Тамыз 2013
  • 378
Фото - Caravan.kz

Несібелі Атахаева, СҚО Мамлют ауданының тұрғыны:  

— Бүгін әкім сайлауы болып жатыр, естідіңіз  бе?

— Жоқ,  естіген жоқпын

— Кімді сайлағанын білесіз бе?

— Жоқ,  білмеймін

— Бұрынғы әкімдеріңіздің кім екенін білесіз бе?

— Бұрынғы әкімді де білмеймін.

Солтүстік Қазақстан облысындағы Мамлют ауылы әкімінің сайлау кезінде жеңіске жеткен үміткердің сенімді өкілдері де таң қалып отыр. Себебі, депутаттардың алдын-ала келісіп алғандай бірауыздан таңдау жасайтындығын күтпесе керек. Мұндай жағдай көптеген аудандарда қайталанған. Ал Ақтөбе облысында ауыл әкімдерінің барлығы дерлік бұрынғы қызметтерін сақтап қалды. Ең қызығы олармен таласқа түскендердің негізі мұғалімдер. Десе де әкім сайлауынан жергілікті халықтың тыс қалғандығына ауылдағы ағайын өкпелеп отыр.


Есенгелді Әбдірешев, Ақтөбе облысы Заречный ауылының тұрғыны:

— Қандай адам түсіп жатыр бұл сайлауға ешкім білмейді. Біздің мысалға келіп анау көшелерімізге ең болмаса агитатор біреулер келіп несін суреттерін іліп таныстырса екен. Ол да жоқ. Қара халықтың даусымен сайланған дұрыс.