АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мейрамымен құттықтады. Құттықтау хат еліміздің Сыртқы істер министрлігіне жолданған.
«Осы күннің құрметіне менің отандастарым да Айт мерекесін бай әрі сан-алуан дәстүрлеріне сай атап өткелі жатқан әлемдегі барша мұсылманға қосылады», — делінген хатта.
Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың алдағы уақытта да дами түсетініне сенім артқан Дж.Керри Қазақстан халқына жақсылықтар тіледі.