Балқашта төрт жауынгерден ақша бопсалаған бокс жаттықтырушысы қолға түсті.
Қалалық ІІБ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімінің хабарлауынша, жергілікті әскери бөлімшеде мерзімдік қызмет атқарып жүрген 23 жастағы жауынгер полицияға шағымданған.
«Жауынгер оларға аптасына екі рет бокс тәсілдерін үйрететін 27 жастағы жаттықтырушының үстінен шағымданыпты. Айтуынша, ол жауынгер мен оның жанындағы қызметтестеріне моральдық қысым жасап, абыройын төккен және ұрып-соққан көрінеді. Соңғы кезде еркінсіп кеткен жаттықтырушы олардан 100 мың теңге талап ете бастапты», — дейді сұхбат беруші.
Жаттықтырушының бұл әрекетінен арызданушыдан басқа төрт жауынгер зардап шеккен.
«Біз солдатқұа белгі салынған купюраларды беріп, кездесуге жібердік. Жаттықтырушы ақшаны алып жатқан кезде қолға түсті», — декйді полицейлер.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті оқшаулағышқа тоғытылды.