Шілде айында тұрғын үй нарығында баға өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 465.74
  • 531.08
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шілде айында тұрғын үй нарығында баға өсті

Шілде айында тұрғын үй нарығында баға өсті

2013 жылдың шілде айында оның алдындағы аймен салыстырғанда еліміздің тұрғын нарығында бағаның өскені байқалды. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінен хабарланды.

  • 8 Тамыз 2013
  • 661
Фото - Caravan.kz


Атап айтқанда, өткен айда еліміздегі көркейтілген тұрғын үйді жалға беру бағасы 1,2 пайызға, осы санаттағы баспананы алып сату 0,8 пайызға, жаңа үйлерді сату 0,1 пайызға қымбаттаған.

Агенттік мәліметтеріне қарағанда, жаңа баспананың бағасы шаршы метріне республика бойынша 180 751 теңгені құраған. Ал көркейтілген баспананы алып сатудың шаршы метрі 141 мың 718 теңгені, одан төменгі санаттағы тұрғын үйдің шаршы метрі 83 мың 281 теңгені құрап отыр.