Түрлі қызық пен экшнге толы кезекті фильм көрерменге жол тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 465.74
  • 531.08
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түрлі қызық пен экшнге толы кезекті фильм көрерменге жол тартты

Түрлі қызық пен экшнге толы кезекті фильм көрерменге жол тартты

Адам өмірі жақсартатын жұмақ! Бұл бала қиялы емес, жаңа «Элизиум» туындысының болмысы. Мұнда өмір де, тұрмыс тіршілігі де өзгеше. Түрлі қызыққа, экшнге толы кезекті фильмді «Меломан» компаниясы ұсынуда. Айта кету керек, аталмыш орталық елімізде «Дисней» және «Сони» студияларының ресми дистрибьютері болып табылады.

  • 9 Тамыз 2013
  • 278
Фото - Caravan.kz

Жұмақ — көрікті, еш қиындықсыз өмір кепілі. Бұл үлкені мен кіші бар, кез-келген адамның түсінігі. «Элизиум» фильмінің шығармашылық тобы да осыны мүмкіндігінше шынайы етуге тырысыпты. Яғни, салыстырмалы түрде екі әлемнің тұрмыс тіршілігін көрсетеді.

Вадим Голенко, «Меломан» компаниясының бас директоры:

— «Сони пикчерсз» компаниясының кез-келген туындысы ерекше. Айта кету керек, әр туындыда астарлы ой  жатады. Сондықтан «Элизиум» фильмінің көрерменге ұнайтынына сенімдімін. 

Жұмаққа теңелген — «Элизиум» әлемінде сырқат, соғыс, аштық деген атымен жоқ. Тіпті, өлім аузында жатқан науқасты да емдеуге болады мұнда.

Бір өкініштісі, жер планетасындағыларға жұмаққа кіруге жол жоқ. Ал әдемі өмірді аңсаған қарапайым тұрғындар барын салып, сол жерге жетудің амалын табады. Бірақ бәрі бір сәтте тосыннан өзгеріп шыға келді. Дәл осы сәті көрермен қауымды ерекше таң қалдырыпты.


Алғашқы көрсетелімінен-ақ  баршаның көңілінен шыққан туынды 1,5 сағаттық. Түрлі эффектілері де жетерлік. Бүгіннен бастап отандық кинотеатрларда. Қапы қалмаңыз!