ІХ «Еуразия» кинофестивалінде Оскар сыйлығының иегері бас төреші болады - kaz.caravan.kz
  • $ 465.74
  • 531.08
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ІХ «Еуразия» кинофестивалінде Оскар сыйлығының иегері бас төреші болады

ІХ «Еуразия» кинофестивалінде Оскар сыйлығының иегері бас төреші болады

Әлемдік деңгейдегі киножарысқа тұңғыш рет қазақтың қорқынышқа толы фильмі бәйгеге түскелі отыр. «Агент М» деп аталатын картина халықаралық «Еуразия» кинофестивалі шеңберінде үздік қазақ киносы атану үшін күресетін болады. Ал «Бауыр» атты киномыз бас жүлде үшін өзге 11 елдің кинотуындыларымен таласады. 

  • 9 Тамыз 2013
  • 326
Фото - Caravan.kz

Кинофестивальге әйгілі «Гладиатор» тарихи драмасының желісін жазған америкалық сценарист Дэвид Фрациони төрелік етпек. Ал бас төреші боп әлемдегі тұңғыш кинорежиссер әйел, Оскар сыйлығының иегері — Джейн Кэмпион шақырылды. Ал Қазақстан тарапынан киноларды жас киногер Әмір Байғазин саралайтын болады. Фестивальге Франция, Италия, Ресей, Германия секілді киноөндірісі әбден дамыған мемлекеттер өз туындыларын жіберіп отыр. Кинобәйгеде биылғы үздік қазақ фильмі де анықталады. Үміткерлердің ішінде үрей мен қорқыныш жанрында түсірілген қазақ киносы да бар. Фестиваль қыркүйек айының 16-сында басталады. Атақты меймандар соңынан қазақ кинорежиссерлеріне дәріс беріп кетеді.


Ермек Аманшаев, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті:

—  Біздің шақырып отырғанымыз жай бір екінші, үшінші қатардағы адамдар емес, бірінші қатардағы, бүгін белсенді жұмыс істеп жүрген, киноөндірісінің нағыз қайнаған ортасында жүрген адамдарды шақырып жатырмыз. Яғни, олардың өткізетін шеберханалары мен ойлаймын, өте маңызды. Біздің киномыз үшін керек, қазақ киносы үшін керек.