8 млн. адамның ақшасы «Біртұтас зейнетақы қорына» жиналады - kaz.caravan.kz
  • $ 465.74
  • 531.08
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
8 млн. адамның ақшасы «Біртұтас зейнетақы қорына» жиналады

8 млн. адамның ақшасы «Біртұтас зейнетақы қорына» жиналады

Елімізде «Біртұтас зейнетақы қоры» құрылды. Енді отандық он бір зейнетақы жинақтаушы қордың шоттары бір арнаға тоғысып, халықтың «қартайған  шағына»  деп жиған қаржысына мемлекет кепіл болмақ.

  • 9 Тамыз 2013
  • 321
Фото - Caravan.kz


Жаңа қор бұрынғы «Мемлекеттік жинақтау зейнетақы қорының»  негізінде жұмыс істейді. Құрылтайшысы  —  үкімет, ал зейнетақы активтерін Ұлттық банк басқарады. Ең бастысы,  жұртың тірнектеп жиған қаржысы  жеке қорлармен қосыла құмға сіңбесіне  кепіл күшейді деген үміт бар. Естеріңізге салсақ, Елбасы жыл басында біртұтас зейнетақы қорын құру туралы тапсырып еді. Өйткені, соңғы кезде бұл салаға қатысты дау-дамай жиілеп кеткен болатын. Жекелеген зейнетақы қорлары шығынға батып,  олардың кірісі бес жылда 24-28 пайыздан 20-22 пайызға бір-ақ төмендеген. Енді осы қорлардың барлығы бір жүйеге топтастырылғалы отыр. Бұл реттехалық қаржысының бір бөлігі банктер арқылы экономиканы несиелендіруге жұмсалып, сансыз басшылар мен оларға төленіп жатқан миллиондаған жалақы қысқарады. Жалпы, еліміздегі зейнетақы қорларындағы қаражат қазір 3 трлн. теңгеден асып, салымшылар саны 8 млн.жетіпті.