Облыс бойынша дүкендер мен наубайханалар желісінің иесі Сергей Чеканға былтыр жасалған шабуыл бүкіл ақмолалық кәсіпкерлердің үрейін қашырды. Одан 30 миллион теңге бопсалау үшін қаскөйлер басына целлофан қапшық кигізіп тұншықтырып, аяғына істік тығып, денесін үтікпен күйдіріпті. Ол өзін азаптаған қарақшылардың түрін жазбай таныған. Өйткені ақталып шыққан күдіктілердің бірі оның қол астында жұмыс істепті. Сондықтан соттың оларды жазықсыз,- деп бостандыққа жіберуін күтпеген едім дейді. Қазірдің өзінде тәртіп сақшылары 6 қарақшының үшеуін іздестіруде. Ал бүгін бостандыққа жіберілген күдіктілер айыпсыз 1 жылдан аса қамауда отырғандары үшін кәсіпкердің өзін кінәлап отыр.
Руслан Қабылбаев:
— Жәйдан-жәй отырдық қой. Ол бізге жала жапты. Өтірік бәрі.
— Кім?
— Зардап шегуші.
Сергей Чекан, жәбірленуші:
— Адаев пен Қабылбаев сол топтың ортасында болды. Мен оларды таныдым. Адаевпен бірге жұмыс істегем, қалай танымаймын? Қандай азап көрдім, жайдан-жай қоя салмаймын. Ары қарай шағымданам. Кешірмеймін бәрібір.