Ақтауда 3 жастағы сәби тапаншаны өз басына қаратып атып жіберген - kaz.caravan.kz
  • $ 465.74
  • 531.08
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда 3 жастағы сәби тапаншаны өз басына қаратып атып жіберген

Ақтауда 3 жастағы сәби тапаншаны өз басына қаратып атып жіберген

Ақтауда 3 жасар бала өз-өзіне тапаншадан оқ атты. Төтенше жағдай бөбектің ата-анасының жауапсыздығынан болған. Әкесінің қаруын тауып алған бүлдіршін кідірместен өз басына қаратып шүріппені басқан. Бас сүйегі сынып, өте ауыр жарақат алды. Бірақ бөбектің періштесі бар екен, аман-есен ауруханада оянды.

  • 9 Тамыз 2013
  • 460
Фото - Caravan.kz


Ербол Кенжебалов, Маңғыстау облысы балалар ауруханасының дәрігері:

Түскен кездегі диагнозы бас сүйектен ату жарақаты, бас сүйектің атуы, травматикалық шок.Бірінші хирургиялық өңдеу операциясы жасалды. Операциядан кейінгі жағдайы бүгінгі таңда орташа ауырлықта.

3 жасар Рахманның ауруханаға жеткізілген кезіндегі жағдайы тіптен мүшкіл еді. Бас сүйегі оңбай опырылған, тапаншаның оғы дәл тиіпті. Дереу ота жасалған. Абырой болғанда оқ бөбектің миына зақым келтірмей жанай өткен. Ал тәртіп сақшылары Рахманның қандай тапаншадан атылғанын анықтауда. Әзірге белгілісі, ол тапанша сол үйдің сөресінде жатқан. Бірақ отағасының ол қаруды ұстауға ешқандай рұқсат қағазы болмапты. Сасқан әкесі, көшеден тауып алып, үйге әкеп қойдым депті. Қазір құқық қорғау орындары төтенше жағдайдың себеп-салдарымен жіті танысуда. Жақын күндері өлім аузынан қалған балғынның әкесіне қатысы “Заңсыз қару сақтағаны” үшін қылмыстық қозғалуы мүмкін.