Алматылық бас салықшының орынбасары 26 млн. теңге парамен ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 465.74
  • 531.08
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылық бас салықшының орынбасары 26 млн. теңге парамен ұсталды

Алматылық бас салықшының орынбасары 26 млн. теңге парамен ұсталды

Салық Департаменті жетекшісінің орынбасары Бағдат Әжінұров кемінде 4 жылға бас бостандығынан айырылады. Қаржы полициясы шенді азаматты 26 млн. теңге көлемінде пара алып жатқан жерінде ұстады.

  • 9 Тамыз 2013
  • 277
Фото - Caravan.kz

Енді Әжінұров лауазымды шенін асыра пайдаланғаны үшін айыпталуда. Қаржы полициясының айтуынша, ол Алматы аумағында жалған кәсіпорын атынан жалған құжаттар әзірлеп, талай салықтан жалтаруға жол беріпті. Сондай-ақ, заңсыз орындарға «қорған» боламын деп қыруар ақша да алған көрінеді. Салық Департаменті жетекшісінің орынбасарының қолына кезекті парасын алып жатқанда кісен салынды. Оның жеке кабинетін тінту барысында тағы 30 мың доллар табылды.


Жақсылық Жақыбаев, Алматы қалалық ЭСЖҚД баспасөз хатшысы:

—  Бұл азаматқа ортаға түскен пайдадан белгілі мөлшердегі пайыздама беріп отырғаны белгілі болды. 6  тамызда бұл қылмыстық топтың 26 млн.теңгені беріп Әжінұровқа бергені белгілі. Қазір ол қамауда.