Таяу Шығыстағы аса қауіпті РВК-коронавирусын зерттеп жатқан ғалымдар індет түйелер арқылы таралуы мүмкін деген тұжырым жасады.
Би-би-си телерадио корпорациясы хабарлағандай, бұл вирус өткен жылы тұңғыш рет тіркелген. Содан бері оны жұқтырған 100 адамның елуі көз жұмған.
Зерттеушілердің пікірінше, Омандағы түйелердің қанынан табылған вирус РВК-коронавирус болуы мүмкін.