Аймақтық даму министрі Қазақстанда құрылыс «постқұрылыстық» бақылау енгізуді ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 465.74
  • 531.08
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аймақтық даму министрі Қазақстанда құрылыс «постқұрылыстық» бақылау енгізуді ұсынды

Аймақтық даму министрі Қазақстанда құрылыс «постқұрылыстық» бақылау енгізуді ұсынды

Бірінші вице-премьер, Аймақтық даму министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанда құрылысы аяқталған нысандарды тексеру туралы ұсыныс жасады.
           «Пайдалануға берілген үйлердің сапасы нашарлығы, қауіпсіздік деңгейінің төмендігі туралы мысалды көптеп келтіруге болады. Баспасөз де көп жазып жүр. Сондықтан құрылыс біткеннен кейінгі бақылау жайын ойластыруымыз керек.
           Біткен құрылыс нысандарын бақылау қажеттігі туралы ұсыныс әзірлеу қажет», - деді ол ведомствоның жұмадағы алқа отырысында.
           Министр пайдалануға берілген үйлердің де сапасы 5-10 жылдан кейін де тексерілуі мүмкін екендігін де жоққа шығармады.
           «Біз тұрғын үйлерді немесе басқа нысандарды бес жыл сайын тексеру қажет пе, әлде он жыл сайын тексереміз бе, осыны түсініп алу қажет.
           Бұл біздің міндетіміз. Құрылыс нысанына кіріп-шығып, тапсырды деп қол қойып, содан соң естен шығаруға болмайды. Бұл жұмыс заңмен бекітілуі тиіс: әрі адам үй салғаннан кейін сол үйдің ахуалына ақырына дейін жауап беретінін түсінуі керек», - деді ол.
           Сонымен қатар, министр Қазақстанда бірыңғай құрылыс кодексін әзірлеу қажет деп есептейді.

  • 9 Тамыз 2013
  • 436
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаев ТКШ-ны жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру кезінде үйлерді терең терможаңғыртуға ерекше назар аударуды жүктеді.

Министр өз сөзінде бүгінде ғимаратқа терможаңғырту бойынша жөндеу жүргізілмей, бөлінген қаржыға үйдің тек алдыңғы жағы ғана боялатын фактілер кездесіп жататынын сынға алды.

«Тұрғынға үйдің алдынан қандай пайда келеді? Яғни, бұндай жұмыстар үйдің жылы болуына еш ықпал етпейді. Осы тұрғыда тек әдемілікті ғана ескерсек, екі жылдан кейін бұл әсемдіктен ештеңе де қалмайды. Ал тұрғын болса, аталған қызметтің шығынын өтеп жатады»,-деді Б. Сағынтаев.

Ведомство басшысы ТКШ-ны жаңғырту бағдарламасын әзірлеу кезінде басты мақсат энергия тиімділігін арттыруға негізделгенін ескеріп өтті.

«Бұл бағдарламаның мақсаты — үйдің алдыңғы жағын бояу ғана емес. Егер де әкім көшелер әдемі болсын десе, онда қаржыны тауып, үйдің қасбетін бояумен айналыссын»,-деп түйді министр.

Бақытжан Сағынтаевтың пайымынша, тұрғын үй қатынастарының жаңа тұжырымдамасын әзірлеу қажет.

Бұл туралы ол бүгін аталған министрліктің алқа мәжілісінде айтты.

Оның сөзіне қарағанда, Тұтынушылар лигасының деректері бойынша Қазақстанда жылына 11 мың шағым ПИК-тердің сапасыз жұмысына байланысты болады екен.

«Қанша жыл қиналып келеміз, осы мәселе бойынша соңғы нүктені қою керек. Орнығып қалған қандай да бір нормаларды бұзатынымыздан сескенбеу керек»,-деп тоқталды министр. Сонымен қатар ол шетелдік мамандарды тартып, тұрғын үй қатынастарын дамытудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеуді ұсынды.