Американың оңтүстігіндегі Калифорния штатында орман өртеніп, маңайдағы 26 үй жанып кетті. Бұл туралы жұма күні жергілікті Эй-Би-Си телеарнасы хабарлады.
Сәрсенбі күні тұтанған өрт 57 шаршы шақырым аумақты шарпып үлгерген. Жергілікті билік 1800 адамды қауіпсіз аймаққа көшіруге мәжбүр болды.
Өрт салдарынан бір адам зардап шекті.