2013 жылдың қаңтар-маусым айларында банктердің экономиканы жалпы несиелеу көлемі 5,9% артып, 10 трлн 545 млрд теңгені құрады, деп хабарлады жұмада Ұлттық банктен.
Оның ішінде 2013 жылдың маусым айында несиелеу көлемінің артуы 1,7% құрады.
Биылғы жылдың басынан бері ұлттық валютада несиелеу көлемі 7,2% артты (маусымдағы өсім 0,2%), 7 трлн 550,1 млрд теңгеге дейін, шетелдік валютада 2,7% артты (сәйкесінше өсім 5,4% ) 2 трлн 994,9 млрд теңгеге дейін.
2013 жылдың маусым айында ұзақ мерзімге несиелеу 1,7% артып, 8 трлн 569,9 млрд теңгені құрады, қысқа мерзімге несиелеу 1,3% артты, 1 трлн 975,1 млрд теңгеге дейін.
2013 жылдың қаңтар-маусым айларында шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу 4,4% артты (маусым айындағы өсім 1%) 1 трлн 473,6 млрд теңгеге дейін,бұл экономикадағы несиелердің жалпы көлемінің 14% құрап отыр.