СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ - kaz.caravan.kz
  • $ 465.74
  • 531.08
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Биыл қазақстандық  қос клуб еврокубоктың плей-офф кезеңіне шығып отыр. “Шахтердың” ізін ала Еуропа Лигасында өнер көрсетіп жатқан “Ақтөбе” аса тартысты өткен матчта исландияның “Брейдаблик” командасынан басым түсті.

  • 10 Тамыз 2013
  • 358
Фото - Caravan.kz

Алғашқы таймды шабуылмен бастаған “Ақтөбе” қорғаныста қателік жіберді. 27-ші минутта Маргейрссон алаң иелерін алға шығарды. Осыдан кейін Владимир Никитенко шәкірттері таразы басын теңестіруге барын салды. Бірақ негізгі уақыт пен қосымша экстра-таймда да есеп өзгеріссіз қалды. Қос ойын нәтижесі бойынша 1:1 есебі тіркелгендіктен жеңімпазды пенальтиден анықтауға тура келді. 11-метрліктің төртеуін қайтарған Андрей Сидельников бұл кездесудің қаһарманы атанды. Енді “Ақтөбенің” келесі қарысласы бүгінгі жеребе тарту рәсімінде белгілі болмақ.

 

 

“Шахтер” чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққаны үшін 2 миллион евро көлемінде сыйақы алмақ. УЕФА биылғы жылы командаларға берілер қаражаттың көлемін жариялады.

Мәселен Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіне шыққан “Ақтөбе” өз бюджетін 150 мың долларға өсірді. Ал чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығып жатсақ “Шахтер” 8,5 миллион евро көлемінде табас көреді. Сондай-ақ топтық ойындардағы әр жеңіс үшін УЕФА 1 миллион евро көлемінде қосымша сыйақы бермек. Ал ең бастысы еврокубоктағы әр жеңісіміз біздің елге бағалы рейтингтік ұпайлар әкеледі. Естеріңізге сала кетсек біз қазір Еуропада 53 елдің ішінде 34-ші орындамыз.

 


 

“Барыс” хоккей клубы жаңа ойыншымен толықты. Енді Астаналық командаға “Виннипег Джетс” командасының шабуылшысы Николай Антропов қосылды.

33 жастағы ойыншы Өскемен хоккейінің түлегі. Алғаш рет ол Өскемендік “Казцинк-Торпедо” командасында өнер көрсеткен. Айдындағы шебер ойынымен көзге түскен ол көп ұзамай мәскеудің “Динамосына” қоныс аударған. Ал соңғы 13 жыл бойы ол мұхиттың арғы жағындағы ұлттық хоккей лигасында өнер көрсетіп келеді. Қазақстан құрамасымен Антропов Азия ойындарын жеңген. Сондай-ақ еліміздің үздік хоккейшісі болып танылған болатын. “Барыс” басшылығы Антроповпен 2 жылдық келісімге қол қойды.