Ыстықкөлде демалған қазақтар саны екі есеге азайып кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 465.74
  • 531.08
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ыстықкөлде демалған қазақтар саны екі есеге азайып кеткен

Ыстықкөлде демалған қазақтар саны екі есеге азайып кеткен

Ыстықкөлге демалуға баратын қазақтар саны екі есе азайған. Жаз әлі аяқталмаса да, айырқалпақты ағайындар әліден-ақ туристтерден түскен табыс таяз екендігін мойындап отыр.

  • 10 Тамыз 2013
  • 373
Фото - Caravan.kz

Қырғыз ағайындар әсіресе алматылықтарды асыға күтетін. Алайда, жаздың басы жаңбырлы болып, ал шілдеде ораза басталғандықтан Ыстықкөл жағасында қазақтар жоқтың қасы деп топшылап отыр қырғыз тарапы. Ал оңтүстік жағалауындағы Құмкөл кенішіндегі жұмысшылардың ереуілі мен жолдамалардың 10-15 пайызға қымбаттауы туралы сөз қозғамады.   Сондықтан, биыл 3 млн. туристті қабылдаймыз деген көрші елдің жоспары іске аспады.


Сергей Магай, Қырғызстан  Республикасы мәдениет және туризм министрлігінің
өкілі:       

— Ораза шілдеге келді. Оның үстіне биыл балаларымен келетін демалушылар үшін қосымша құжат талап етілетін болған. Бірақ, содан бері туристер саны азайғанын байқап, бұл тәртіпті алып тастадық. Соның өзінде келушілер аз.