Бұл қазақтың біртуар қызы Күйші Дина атындағы көше. Есілдің сол жағалауына таяқ тастам жерде. Бұл маңда мақтаулы тұрғын-үй кешендері мен жеке коттедждер жаппай тұрғызылған. Осы элиталық баспаналарға әкелетін жолдың бар-жоғы 600 метрлік бөлігіне асфальт төселмекші. Соған бола жергілкті әкімдік қисапсыз қаржы бөліп отыр.
Есілдің оң мен сол жағалауын тікелей байланыстыратын жолдың шынымен тас –талқаны шыққан. Бірақ жергілікті әкімдік көшені жаппай емес, элиталық ауданға шығатын 600 метріне ғана асфальт төсемекші. Оған бюджеттен 700 млнға жуық теңге бөлініп қойыпты. Осыншама қаржы жұмсалатынын естіген жүргізушілер жолды алтыннан төсегелі жатыр ма деп түсінбей дал.
Сейілхан Қалиақпаров, жүргізуші:
— Көпір істеуге болады. Көпір. Менің ойымша көп сияқты. Астанада басқа да көп жерлер бар. Сол жерге бөліп бөліп.
Көпір емес, бірақ 700 млн-ға шағын бір мектеп пен екі балабақша салуға болады екен. Ал шенеуніктер бөлінген ақшаны көп деп ойламайды.
Сымбат Мырзағұлов, Астана қалалық көлік жолдары және жолаушылар тасымалы басқармасы директорының орынбасары:
— 220 миллионов, Жолға асфальт төсеуге бар болғаны 220 миллион жұмсалады. Ал 460 миллионға инженерлік желілерді жөндейміз. Осы қаржының 300 миллионы жылу құбырларын ауыстыруға кетеді.
Ал бұл Астананың іргесіндегі Көктал ауылы. Мұндағы жұрт жібі түзу жолға жарымай отыр. Шенеуніктер асфальт төсеп беріміз дегенімен сөздерінде тұрмапты. Халық осыған наразы.
Астананың орталығына жыл сайын миллиардттар шашылып жатқанда, осы ауылға бюджеттен бір тиын табылмапты. Сондықтан тұрғындар жаңбыр жауса батпақ пен шалшық суды кешіп жүруге мәжбүр. Олар шенеуніктердің алалайтынына күйінеді.
Ерлан Ерболұлы, Астана қаласының тұрғыны:
— Неліктен сол жағалауды ғана істей береді? Сол жағалауда тұратындар адамда біз адам еміспіз ба? Тек соларға ғана көңіл бөледі.
Сол жағалау демекші, қала күні қарсаңында, 150 млн жұмсалған дөкейлердің көлігі жүретін жол көпке шыдамады. Сөйтіп 1 ай өтісімен жаңа төселген жол қайта аршылып екінші мәрте жөнделді.