Мұхтар Әблязов шетелдік банктерге де 1 млрд. долларға жуық қарыз боп шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 465.74
  • 531.08
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұхтар Әблязов шетелдік банктерге де 1 млрд. долларға жуық қарыз боп шықты

Мұхтар Әблязов шетелдік банктерге де 1 млрд. долларға жуық қарыз боп шықты

Мұхтар Әблязов Отандық банкті ғана емес Еуропаның да белді қаржы орталықтарын тақырға отырғызып кеткен. БТА банкінің өкілдерінің сөзіне қарағанда, қашқын қаржыгер шетелдік бірнеше банкке 1 миллиард долларға жуық қарыз көрінеді.

  • 10 Тамыз 2013
  • 498
Фото - Caravan.kz


Ұлыбританиялық үш бірдей белді банк Мұхтар Әблязовтың алақанына 500 миллион АҚШ долларын санап беріп кейін қайтара алмай  қалған. Оған қоса Итальяның 8 қаржы орталығы қазақ қаржыгеріне жалпы сомасы 250 миллион АҚШ долларын беріп, артынан жер сипап қалыпты. Бұдан бөлек, Францияның 4 банкі Әблязовтан тағы 50 миллион АҚШ долларын қайтара алмай дал боп жүр. Қосымша, Швецариядағы, Германиядағы, Америкадағы қаржы орталықтары да Мұхтар Әблязовтың қарыз екендіктерін айтуда. Бірақ бұл жайттарға қатысты әлі іс қозғалмапты.