АҚШ-та қазақстандық балаларды зорлап келген ерлі-зайыпты ақыры айыпты деп танылды - kaz.caravan.kz
  • $ 465.74
  • 531.08
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ-та қазақстандық балаларды зорлап келген ерлі-зайыпты ақыры айыпты деп танылды

АҚШ-та қазақстандық балаларды зорлап келген ерлі-зайыпты ақыры айыпты деп танылды

АҚШ-та қазақстандық асыранды балалардың өгей әке-шешесі ақыры айыпты деп танылды. Ерлі-зайыпты Мэйоттар 9 жыл бұрын  балаларды жыныстық қатынасқа итермелеу мақсатында әдейі бағып алғаны да белгілі болды. Бүгін АҚШ-тың Вустер қаласындағы жоғарғы сот оларды кінәлі деп тапты.

  • 10 Тамыз 2013
  • 552
Фото - Caravan.kz


50 жастағы Джозеф пен 49 жастағы Линда Мэйоттар осыдан 9 жыл бұрын Қазақ жерінен ағайынды бір ұл мен бір қызды асырап алған. Алайда ата-ана боп жарытпаған Америкалықтар екеуіне де зорлық көрсетіпті. Отағасы Джозеф өрімдей өгей қызының тәнін арамдаса, 49 жасар Линди жас ұлының қойнында болған. Тіптен одан бала да көтеріпті. Енді отағасы 22 тамызға бекітілген сот процесіне дейін қамауда болады. Ал тергеу кезінде өз-өзіне қол салмақ болған 49 жастағы Линда ауруханадан шыққан бетте қамауға алынады.