Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар - kaz.caravan.kz
  • $ 465.74
  • 531.08
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар

Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар

Осы аптада «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің 2013 жылғы 2 тамыздағы шешімімен «ҚазМұнайГаз - қайта өңдеу және маркетинг» АҚ Бас директоры болып Данияр Тиесов тағайындалды.

  • 12 Тамыз 2013
  • 377
Фото - Caravan.kz

«Данияр Тиесов «ҚазМұнайГаз» компаниялары тобының ең мықты кәсіби мамандарының бірі болып табылады. Жаңа басшы компанияның дамуына оң қарқын береді деп сенемін, соның нәтижесінде «ҚазМұнайГаз — қайта өңдеу және маркетинг» АҚ бұдан да біршама жоғары сапалы деңгейге көтеріледі деген үмітіміз бар», — деп атап өтті «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының Корпоративтік даму жөніндегі бірінші орынбасары Д. Берлібаев.

Д.Тиесов осы қызметке тағайындалғанға дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да Басқарма төрағасының қайта өңдеу және мұнай-химия орынбасарының қызметін атқарды.

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстанда жаңа туризм және сыртқы байланыстар басқармасы құрылды. Оны Ержан Алтайұлы Сембинов басқаратын болады.

Е.Сембинов еңбек жолын 1990 жылы жұмысшы болып бастаған. Кейінірек Шығыс Қазақстан бойынша ҚР жол қозғалысы қауіпсіздігі қоры директорының орынбасары, ШҚО бойынша ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі «Кедентранссервис» РМК директоры қызметін атқарған.


ШҚО әкімі аппаратының сыртқы байланыс және хаттама бөлімінің меңгерушісі, Риддер әкімі аппаратының басшысы болды, содан кейін ШҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы туризмді дамыту бөлімінің бастығы қызметіне ауыстырылған.

Соңғы жұмыс орны — облыс әкімі аппаратының сыртқы байланыс және хаттама бөлімінің меңгерушісі, деп хабарлады облыстың ақпарат орталығында.