Қарағанды облысында жол апатынан «Қазақстан инжиниринг» ҰК АҚ басқармасы төрағасының орынбасары мерт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 465.74
  • 531.08
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында жол апатынан «Қазақстан инжиниринг» ҰК АҚ басқармасы төрағасының орынбасары мерт болды

Қарағанды облысында жол апатынан «Қазақстан инжиниринг» ҰК АҚ басқармасы төрағасының орынбасары мерт болды

Қарағанды облысында жол апаты салдарынан «Қазақстан инжиниринг» ҰК АҚ басқармасы төрағасының орынбасары опат болды, деп хабарлады құқық қорғау органдары.

  • 12 Тамыз 2013
  • 414
Фото - Caravan.kz

Жол-көлік оқиғасы 11 тамыз күні сағат 18.10-да «Алматы-Балқаш» жолының бойында Балқаштан 80 шақырым жерде орын алды.

«Мицубисидің» 40 жастағы жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, жолдың жиегіне шығып кеткен. Алған жарақаттардан жүргізуші сол жерде жан тапсырды, көлікте басқа жолушы болмаған» деп хабарлады құқық қорғау органдарынан.

Автокөліктің рөлін «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Виссарион Ким басқарып келе жатқан. Осыған дейін ол Қарағанды облысының «МЖС аймақтық орталығы» басқармасының төрағасы болып істеген.