Қазақстаннның жастар құрамасы ЕУРО-2015 іріктеу жарыстарында Арменияға жол берді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстаннның жастар құрамасы ЕУРО-2015 іріктеу жарыстарында Арменияға жол берді

Қазақстаннның жастар құрамасы ЕУРО-2015 іріктеу жарыстарында Арменияға жол берді

Қазақстанның жастар құрамасы Астанада Еуропа чемпионатының іріктеу раундысында Арменияға 0:1 есебімен ұтылды, деп хабарлады Sports.kz.

  • 12 Тамыз 2013
  • 352
Фото - Caravan.kz

Іріктеу циклінің алғашқы ойынында қазақстандық команда Беларусьті 1:0 есебімен ұтқан болатын, бұл нәтиже жанкүйерлерді Армениямен сайыста да жеңіске үміттендірген еді.

Қазақстандықтар алаңға бой үйретіп болғанша, армяндар өте белсенді ойын өрнегін бастап, Гагик Погосянның бұрыштан соққан добымен 0:1 есебін ашты.

Қарағандылық «Шахтердің» жұлдызы Роман Мұртазаев қазақстандықтар құрамында ойынның екінші жартысында шықты. Алаң иелері қарымта қайтаруға ұмтылғанмен нәтиже шығара алмады. Абзал Бейсебеков пен Бауыржан Исламхан белсенді қимылдағанмен, олардың күш-жігері де сәтсіз болды. Армяндар қорғанысты нығайта түсіп, Сергей Боровскийдің ойыншыларына дес бермеді. Енді қазақстандықтарға жағдайды түзету үшін келесі матчта еселеп күш салуларына тура келеді.

5 қыркүйекте қазақстандықтар келесі ойынын Франциямен тыс алаңда өткізеді.


Қазақстан U-21 — Армения U-21 0:1 (0:1)

Гол: Погосян 4 (0:1)

Қазақстан U-21: Покатилов, Сартаков, қожабаев, Пасечник, Бейсебеков (Аллаяров 76), Сариев, Қуат, Ульшин, Исламхан, Калинин (Бауыржан 80), Бегалин (Муртазаев 46)

Армения U-21: Бегларян, Оганесян, Ароян, Восканян, Погосян Гаг., Малакян, Минасян, Мурадян, Папикян (Погосян Гук. 84), Акопян (Сардарян 68), Адамян (Айвазян 90)

Бас төраеші: Владимир Внук (Словакия)

11 тамыз. Астана. «Астана Арена» 8500 көрермен.