Қазақстанның жастар ұйымының белсенділері мен студенттері ұсыныс жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 465.74
  • 531.08
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның жастар ұйымының белсенділері мен студенттері ұсыныс жасады

Қазақстанның жастар ұйымының белсенділері мен студенттері шетелде біртұтас қазақстандық студенттер қауымдастығын құру жөнінде ұсыныс жасады.
           Бұл ұсыныс Астанада студенттік ұйымдардың екінші жиынында талқыланды, делінген "Нұр Отан" партиясының бүгінгі хабарламасында мәлімделген.
           Студенттердің өзін ұйымдастыруының жоғары деңгейі бірқатар өзекті мәселелерді шешуде маңызды әлеуметтік маңызға ие, оның ішінде ақыл-кеңес беру, күтпеген жағдайлар кезінде қолдау көрсету, жұмысқа орналастыру және т.б.
           «Бостон университетіндегі қазақстандық студенттермен болған таяудағы жағдай осындай ұйым құру қажеттігін көрсетеді», делінген хабарламада.
           Бұл ұйымның міндеті студенттерге шетелде оқуының алғашқы күнінен бастап қолдау көрсету, Қазақстанның ұлттық мәдениетін ілгерілету болуы тиіс.
           Қазақстаннан барған 19 жастағы студенттер Диас Қадырбаев пен Азамат Тәжаяқов Джохар Царнаевқа тиесілі сөмке мен ноутбукты лақтырып жібергені үшін айыпталғаны мәлім. Айғақ ретіндегі бұл заттарды арнайы қызмет қоқыс арасынан тауыр алған.
           Қазақстандық екі студент сот жүргізугі кедергі келтірді және сөз байласты деген айыппен жалпы 25 жылға сотталуы мүмкін.
           Ағалы-інілі Джохар және Тамерлан Царнаевтарға 15 сәуір Бостонда өткен маарфонда теракт жасады деп күдік тағылды. Теракт салдарынан үш адам құрбан болып, 180-нен астам адам жарақат алды. Кейіннен Джохар қолға түсіп, Тамерлан тәртіп сақшыларының қолынан өлді.

  • 12 Тамыз 2013
  • 721
Фото - Caravan.kz