Үйлену тойының қайталанбас көрінісі қала тұрғындарына да ерекше көңіл-күй сыйлады. Ғашықтардың айтуынша, олар өз тойын осылай көңілді атап өтпек болған. Айта кету керек, жас отбасын құттықтай келген қонақтар да велосипедпен келіп, барлығы АХАЖ бөліміне дейін еріп жүрді.
Рамис, күйеужігіт:
— Біз бұрын-соңды болмаған ерекше бір түрін ойлап табуға тырыстық. Және бұл қолымыздан келген сыңайлы.