Мәскеуде өлім аузында жатқан қазақстандық нәрестеге шұғыл көмек қажет - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеуде өлім аузында жатқан қазақстандық нәрестеге шұғыл көмек қажет

Мәскеуде өлім аузында жатқан қазақстандық нәрестеге шұғыл көмек қажет

Мәскеулік емханаларының бірінде қазақстандық сәби өлім аузында жатыр. Нәресте күрделі операцияға мұқтаж. Туа бітті жүрек дертіне шалдыққан София арнайы аппараттардың арқасында ғана өмір сүруде. Ауру баланы бауырына басқан ана тұңғышының өмірін сақтап қалу үшін қайырымды жандардан көмек сұрап отыр.  

  • 13 Тамыз 2013
  • 355
Фото - Caravan.kz

Қазір бала вакуум ішінде. Анасы оны Мәскеуге барғанда босанып қалған. Дәрігерлер жаңа туған сәбидің жүрегі сырқат болған соң арнайы аппарат қосыпты. Бұл жүрек дертінің алдында Ресейлік дәрігерлер де дәрменсіз көрінеді. Сондықтан, сәбиді айықтыру үшін тез арада Германияға жөнелту қажет деп отыр. Софияның ата-анасы елдегі дүние-мүлкін сатып, операцияға біраз қаражат жинаған. Алайда ол аздық еткен соң қарашадан көмек сұрайды.


 Юлия Галат, Софияның анасы:

— Қызымның әр сағаты санаулы. Қаражатты түгел жинауға уақыт аздық етіп отыр.  Біз оны жоғалтқымыз келмейді. Ота жасатуға қайырымды жандардан көмек сұраймыз.