Олардың барлығы кезінде сириялық азаматтарға тұрмысқа шыққан қыз-келіншектер. Күні кеше ғана солардың бірі Нина Халед есімді азаматша төрт баласымен оқ бораған Камышлы қаласынан әзер қашып шыққан. Күрттер мен мұсылман бауырлар қырқысының ортасында қалып қойған жерлесіміз шиеттей бала-шағасын ертіп Сирия мен Түркия шекарасына дейін жаяу келіпті. Әріқарай олар елшілердің көмегімен аман-есен Алматыға жеткізілді. Жалпы, жыл басынан бері Сирияда жүрген 44 отандасымызға көмек көрсетілсе, 3 адам табытпен жеткізілген. Сондай-ақ, 2 жарым жылдан бері қақтығыстан көз ашпаған бұл елде әлі 40 астам қазақстандық жүр деген ақпарат бар.