Silicium Kazakhstan бас директорын 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы шартты мерзімге өзгертілді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Silicium Kazakhstan бас директорын 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы шартты мерзімге өзгертілді

Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасы "Silicium Kazakhstan" ЖШС бас директоры Александр Сутягинскиге қатысты соттың наурыз айындағы үкімін өзгертті.
           Апелляциялық сот сатысы А.Сутягинскийге алты жыл шартты мерзім кесіп, оны сот залынан босатты, деп бүгін «Время» газетінде мәлімделген.
           Бұрын хабарланғандай, бірінші саты соты – Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты "Silicium Kazakhstan" ЖШС бас директоры А.Сутягинскиді наурыз айының соңында кісі өлтіру әрекетін ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп танып, он екі жылға бас бостандығынан айыру жазасына кескен болатын.
           А.Сутягинский өзінің бизнес әріптесі Михаил Гаркушинді қаржылық келіспекшілікке байланысты өлтіру әрекетін ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп танылды.
           А.Сутягинскидің үйін тінту кезінде Калашников автоматы тәркіленді.

  • 13 Тамыз 2013
  • 319
Фото - Caravan.kz