Израильде Эйлат курорты бағытына қарай ұшып бара жатқан зымыран атып түсірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Израильде Эйлат курорты бағытына қарай ұшып бара жатқан зымыран атып түсірілді

Израильде Эйлат курорты бағытына қарай ұшып бара жатқан зымыран атып түсірілді

Израильде «Темір күмбез» қорғау жүйесі жауынгерлері Эйлат бағытына қарай ұшырған зымыранды атып түсірді.

  • 13 Тамыз 2013
  • 332
Фото - Caravan.kz

Курортты қалада соның арқасында құрбан болғандар мен қираған ештеңе болған жоқ, деп хабарлайды РБК.

Бұдан бұрын ұшқышсыз басқарылатын ұшақ Синай түбегінде бес жауынгерден құрылған топты жойғаны кейін мәлім болды. Египет барлаушыларының мәліметінше, олар Израиль бағытына қарай зымыран жіберуді жоспарлаған.

Эйлат ауданында бірнеше күн бойы ахуал шиеленісіп тұр. Өткен аптаның соңында Израиль қорғаныс армиясы қолбасшылығының бұйрығымен жергілікті әуежай жабылғандығы жөнінде белгілі болды.

Бұл Синайдағы содырлардың белсенділігі күшейе түскендігінің салдарынан болды.


ЦАХАЛ-да (Израиль қорғаныс әскері) өз шешімдері жөнінде түсініктеме берілген жоқ. Бірнеше сағаттардан соң әуе айлағы жұмысын бастап кетті.