2013 жылғы маусымда сыртқы саудада өнімдерге бағаның төмендеуі белгіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2013 жылғы маусымда сыртқы саудада өнімдерге бағаның төмендеуі белгіленді

2013 жылғы маусымда сыртқы саудада өнімдерге бағаның төмендеуі белгіленді

Ағымдағы жылғы маусымда мамырмен салыстырғанда экспортталатын тауарларға баға - 2%, импортталатындарға - 0,9%-ға төмендеді. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінен хабарланды.

  • 13 Тамыз 2013
  • 465
Фото - Caravan.kz

Экспорттық жеткізілімдерге бір айға бағаның сұйытылған пропанға — 8%, қара металдар илегіне — 7,7%, темір кендеріне — 6,3%, қорғасынға — 5,2%, ферроқорытпаларға — 2,3%, табиғи газға — 1,4%, мұнайға — 0,3%-ға төмендеуі, сондай-ақ оның пластмассадан жасалған бұйымдарға — 5%, хром кендеріне — 2,7%, мұнай өнімдеріне — 2,3%-ға жоғарылауы белгіленді. Баға мақтаға — 4,3%, жүнге — 0,6%, бидайға — 0,2%-ға төмендеді.

Импорттық түсімдерден макарон өнімдері — 6,6%, маргарин — 6,2%, кофе — 3,7%, күріш — 2%, өсімдік майы — 1,6%-ға арзандады. Темекі — 6,5%, шай — 3,3%, шұжық өнімдері — 2,6%, балық — 2,1%, қант — 1,3%, көкөністер — 0,8% қымбаттады.