БҚО әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

БҚО әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың өкімімен Мәкен Мәкенұлы Бақтияр облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

  • 13 Тамыз 2013
  • 506
Фото - Caravan.kz

Облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаев 13 тамызда өзінің жаңа орынбасарын өңір активіне таныстырды.

Бұған дейін облыс әкімінің орынбасары болған Ербол Ғұмарұлы Салықов басқа жұмысқа ауысуына байланысты бұл қызметтен босатылды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Мәкен Бақтияр 1981 жылы дүниеге келген, білімі жоғары, 2000 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін, 2009 жылы Монтаны-Миссула университетін (АҚШ, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты) бітірген.

Алғашқы еңбек жолын 2003 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университеті жастар істері комитетінің мәдени ұйымдастырушысы болып бастап, 2006 жылға дейін осы жоғары оқу орнында жастар істері комитеті төрағасының орынбасары, жастар ұйымының төрағасы қызметтерін атқарады.


2003-2006 жылдары — «Қазақстанның ауыл жастары одағы» ҚБ тең төрағасы.

2004-2007 жылдары — «Қазақстанның жастар конгресі» заңды тұлғалар ұйымы төрағасының орынбасары.

2005-2007 жылдары — «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары республикалық штабының менеджері.

2009-2010 жылдары Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасының жастар ұйымдарымен және ЖОО-лармен жұмыс бөлімі бастығының міндетін атқарушы.

2010-2012 жылдары Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасы бастығының міндетін атқарушы, басқарма бастығы.

2012 жылдан Алматы қаласы ішкі саясат басқармасының басшысы.