Нақты ақшалай табыстар 0,3%-ға өсті. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің мәліметінде хабарланды.
2013 жылғы маусымда орташа жан басына шаққандағы ақшалай табыстардың көлемі бойынша Атырау облысы, Алматы және Астана қалалары алдыңғы қатарда, мұнда осы көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 2,1 -1,7 есеге артық.
Былғы маусымда табыстары ең төмен өңірлер қатарында Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары белгіленді, осы өңірлерде халықтың табыс мөлшері республикалық деңгейден 21,9%-38%-ға дейін төмен. Сонымен бірге, халықтың нақты ақшалай табыстарының ең көп өсу қарқыны Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында және Астана қаласында белгіленді.
Ағымдағы жылғы маусымда өңірлер бойынша атаулы ақшалай табыстардың ең жоғары және ең төмен мөлшерлері арасындағы арақатынас 3,4 есені құрады (2012 жылғы маусымда — 3,5 есе).